Қолданба карталарын "CropNavigator" бағдарламасында қолданыңыз.

Планшет және GPS жүйеcін қолданып, сіз егіс алқаптарыңызды нақты қажеттіліктеріңізге қарай өңдей аласыз. Оны автоматтандырылған жабдықтары жоқ көліктерде де қолдануға болады.

 

"Crop Navigator" бағдарламасын қолдану мақсаттары:

Ауыл шаруашылық шешімдерді қабылдауға заманауи технологиялардың болжамдауы көмек береді. Алайда «CropNavigator»-дың көмегімен болжамдауға көңіліңізді бөлмейсіз. Бағдарлама, жерсерік технологияларын, ескі трактормен де қолдануға мүмкіндік береді.

Біріншіден, Crop Navigator бағдарламасын планшет немесе телефоныңызға жүктеп алыңыз. Интернет-порталда жасалған карталарды кейін құрылғыға тасымалдап пайдалануға болады.

 

Бағдарлама тыңайтқыштар карталарымен байланысқан жағдайда:

Тыңайту жүргізілетін көліктің ішіне планшетті алып кіріңіз. GPS арқылы сіз қазіргі тұрған жеріңіз туралы ақпарат аласыз. Планшеттегі бағдарлама трактордың қандай топырақ аймағында екенін көрсетеді. Бағдарламаның ішінде көрсетілген жылдамдықты өзгерте отырып, сіз тыңайтқыштарды енгізу жылдамдығын реттей аласыз.

Бағдарлама биомасса карталарымен байланысқан жағдайда:

Биомасса немесе топырақ аймақтары карталары планшетке жүктелген болу керек. Бағдарлама GPS алқаптар карталарында ерекше бөлініп тұрған аймақтарды табуға және талдауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде алқапқа өтуді тездетіп, жеңілдетеді.