Қолданба карталары арқылы егін егу қарқынын ұлғайту

Тұқым карталары мен әр топырақ түріне байланысты егін егу үдерісін қолдана отырып, егіс алқаптарыңызды оңтайландырыңыз.

My Data Plant-тың тұқым және аймақ карталары:

My Data Plant фермерлерге топырақ аймақтарындағы айырмашылықтарды анықтауға және тұқымдарды егетін мөлшерін сәйкесінше бейімдеуге мүмкіндік береді.

Бұл бізге керемет мүмкіншіліктерді ашады: біріншіден, дақыл өнімдерін жинауды жеңілдетіп қана қоймай, екіншіден, өнімнің сапасын да жақсартады.

 

Тұқым карталарының артықшылықтары:

  • Топырақтың типі, микроқұрылымы, құрамы және nFK (пайдалы алқаптың сыйымдылығы), қарашірік құрамы мен топырақтың тығыздалуы сияқты факторлары картада көрсетіледі.

  • Тұқым себу мөлшерін жергілікті топырақ айырмашылығына қарап реттеңіз - жеңіл құмды топырақтан бастап, ауыр сазды топыраққа дейін.

  • Порталдағы өз карталарыңызды басқа да карталармен біріктіре аласыз. Мысалы: Reichsbodenschätzung (Германиядағы карта-провайдері), EM 38 немесе өнімділік карталары.

  • Жеріңіздің құнарлылығын анықтап, егініңіздің мөлшерлерін көбейтіңіз.

  • Топырақ аймақтарыңызда егіннің бейімделуіне көмек береді.

     

 

Тұқым себуге арналған қолданба карталарын жасау процесі:

Биомасса карталары егілген дақылдардың өсу процесін әртүрлі кезеңдерде көрсетіп тұру үшін жасалынады. Аймақ карталары сіздің егініңіздің қай аймақтарда және оның топырақ сапасын көрсетіп тұрады: мысалы, құмды, сазды, жеңіл немесе ауыр топырақты. Тұқым себу мөлшерін тиісті аймақтарға бейімдей отырып, сіз өзіңіздің тәжірибеңізбен біздің деректер негізінде өзіңізге сай тұқым себу карталарын жасайсыз. Сіздің ерекше аймақтар мен топырақ түрлері туралы біліміңізге қоса, біздің жасалған карталар топырақтың негізгі қасиеттері туралы ақпарат береді.