Тыңайтуға арналған қолданба карталары

Аймақтарға органикалық немесе минералды тыңайтқыштарды қолданба карталарының көмегімен енгізу.

My Data Plant-тың тыңайтқыштар карталары

My Data Plant-тың тыңайтқыштар қолданба карталарымен, сіз өз тыңайтқыштарыңызды егіс алқаптарыңызға тұрақты және тиянақты түрде енгізе аласыз. Егіс алқаптарыңыздағы дақылдардың өсу деңгейін салыстырып талдау жасауға көмектеседі. My Data Plant-тың тыңайтқыштар карталары сіздің егін алқабыныңызға, оның қажеттіліктеріне байланысты, тыңайтқыш енгізуге мүмкіндік береді.

 

Тыңайтқыш карталарының артықшылықтары:

  • Өзіңіздің тыңайту стратегияңызды егістің жағдайына бейімдеңіз.

  • Егіс алқабыныңызды бағытталған және сұранысқа негізделген түрде тыңайтыңыз.

  • Егіс алқаптарыңызды үнемі жетілдіріп отырыңыз.

  • Тыңайтқыш картасын жасауда жеке тәжірибеңізді қолданыңыз.

  • Сізге тыңайтқыш қолдану барысында ережелерді сақтауға қолдау көрсетіледі.

 

Тыңайту қолданбалы карталарын жасау процесі:

Егіс алқаптарыңыздың ең өзекті биомасса карталарына сүйене отырып, My Data Plant интернет-порталы арқылы тыңайтқыштардың карталарын бірнеше қадамда жасауға болады. Алдымен тыңайтқыш қолданатын алқаптар мен тыңайтқыштарды (мысалы, NPK немесе карбамид) таңдаңыз. Келесі қадамыңыз - тыңайтқыштар қолданылатын аймақтар санын еңгізіңіз. Дамымаған аймақтарға көбірек енгізуін немесе жақсы дамыған аймақтарға тыңайтқыш мөлшерін азайту керектігін өзіңіз таңдай аласыз. Белгілі бір шешімге келген соң, өзіңіздің тәжірибеңізді де іске қоса аласыз. Бағдарламадағы қолданба картасының жеке-жеке аймақтарын өзгертуге және сол жерлерге тыңайтқыштардың басқа мөлшерін тағайындауға мүмкіндігіңіз бар. Осылайша жасалған тыңайтқыш карталары сіздің егіс алқаптарыңыздың әртүрлі аймақтарындағы дақылдардың қажеттіліктерін бере аласыз. Сіз бағдарламада тыңайтқыш карталарын экспорттай аласыз және оларды USB картасының көмегімен трактор терминалына түсіре аласыз.Тыңайтқыштар карталары барлық терминалдарда қолданыла алады. Егер терминал болмаса, карталарды электрондық планшетке тасымалдауға болады. Біздің "CropNavigator" бағдарламамыздың көмегімен сіз өз қажеттіліктеріңізге сай, тіпті автоматтандырылған жабдықтары жоқ көліктермен де тыңайта аласыз.