Ауыл шаруашылығына арналған биомасса карталары

Дақылдарыңыздың өсім қарқыны мен дамуын бақылау

My Data Plant-тың биомасса карталары:

Біздің онлайн порталымыздағы биомасса карталарын қолдана отырып, сіз дақылдарыңыздың жалпы күйі мен өсу процессін толықтай көре аласыз. Егілген дақылдардың даму кезеңдерін анық көруіңіз үшін де қолдануға болады. Өзінің егіс алқаптарыңызда басқалармен салыстырғанда қай аймақтар тезірек дамығанын және жалпы даму процессін алыс қашықтықта бақылап, талдау жасай аласыз. Әртүрлі себептерге байланысты (ауру, судың тасуы, зиянкестермен зақымдануы, және т.б.) дақылдар болжаған деңгейден төмен өсіп жатқан аймақтар бар болған жағдайда, биомасса карталары арқылы тез анықтап, дақылдарды емдеуіңізге / дұрыстауыңызға мүмкіншілігіңіз бар.

Дақылдардың өсіп даму көрсеткіштері(биомассасы / өміршеңдігі) картада бағдаршам түстері арқылы көрсетілген. Қызыл - төмен, сары - орташа және жасыл - сәйкесінше жоғары көрсеткіштер ретінде көрсетіледі.

Биомасса карталарының артықшылықтары:

  • Егіс алқаптарыңыздағы егіннің өсімін бақылаңыз.

  • Судың жетіспеушілігін немесе артықшылығын біліп отырыңыз.

  • Егіс егудің ең тиімді және қолайлы мерзімін алдын-ала біліңіз.

  • Жер серіктердің ақпараты негізінде жоғары және төмен өнім шығаратын аймақтарын анықтаңыз.

  • Зақымдалған(мысалы, қуаңшылық) немесе ауру инфекциясы таралып жатқан аймақтарды ерте кезеңдерінен бастап анықтаңыз.

 

Жер серіктер қамтамасыз ететін ақпараттар фермерлерге қалай пайдалы бола алады:

Заманауи Sentinel жер серіктері айтылған ақпараттармен қамтамасыз етеді. Kleffman Group осы ақпараттарды дақылдардың өсіп-дамуының айырмашылықтарын көрсететін биомасса карталарын жасауға қолданады.

Жұмыс процессі: жер серіктердегі сенсорлар дақылдардың өміршеңдігін әртүрлі көрсеткіштерге қарап өлшейді. Олар жапырақ ауданы, судың таралуы, хлорофиллмен қанығу деңгейі, биомассасы, жапырақ материалы және топырақтың әсері, және т.б. Бұл параметрлер егіс алқабын талдау барысында қолданылатын аса маңызды факторлары болып табылады. My Data Plant осы ақпаратты өңдеп, сізге онлайн порталда биомасса карталары түрінде әр 5 күн сайын көрсетіп тұрады. Демек, өз егіс алқабыңызды жыл бойы бақылауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде құрғақшылықтан, аурудан немесе басқа да мәселелерден туындаған залалдарға тез жауап беруге көмек береді.

Онымен қоса, биомасса карталары басқа карталардың негізгі "іргетасы" болып табылады.

 

Биомасса карталары мына құрамдас бөлшектерден тұрады:

Blattmaterial Biomassekarten
Жапырақ материалы:

Жапырақ материалы - дақылдардың қазіргі уақыттағы өлшемдерін және өсу кезеңі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Chlorophyllmenge Biomassekarten
Хлорофилл мөлшері:

Хлорофилл мөлшері - дақылдар жағдайы туралы ақпарат береді.

Wasservorkommen Biomassekarten
Су ресурстары:

Жер серіктердің деректері - егіс алқаптарыңызға қажет су ресурстарын анықтауға көмек береді.