Дәлме-дәл егіншілік - қазіргі заманғы ауыл шаруашылығына арналған шешім

My Data Plant карталары көмегімен егіс алқаптарыңызды оңтайландырыңыз

My Data Plant дегеніміз не?

My Data Plant - жерсеріктер арқылы алынған, дәл және нақты деректер негізінде егіс алқаптарын басқаруға көмектесетін құрал. Сіз біздің My Data Plant порталына тіркелсеңіз, көптеген мүмкіншіліктерге жолыңыз тез ашылады. Алдымен егіс алқаптарыңыздың суретін салып немесе картасын жүктеңіз, кейін жеке биомасса, тұқым және тыңайтқыш карталарын жасай аласыз. Карталарды құру барысында сіздің өз аймағыңыз туралы біліміңізбен жерсеріктен алынған ақпарат біріктіріліп, сіздің егіс алқаптарыңызға аса бейімделген карталарды алуға мүмкіндік береді.
MDP карталары терминалдарға USB - флеш карталары арқылы қиындықсыз тасымалданады. Биомасса карталарын қолданып, сіз өз егіс алқаптарыңызды үйіңізден қадағалай аласыз, яғни агроном егіске жетпей тұрып не болып жатқанын біліп отырасыз.

Дәл қазір ғарышта Европа Ғарыш Агенттігінің(ЕҒА) 2 жер серігі бар: "Sentintel 2A" және "Sentinel 2B". Олар жер планетасының мультиспектральді суреттерін жасайды. Әр жерсерік Жердегі әрбір нүктені 10 күнде бір рет талдайды. Нәтижесінде, әр бес күн сайын егіс алқабыңыздың жазбасы жаңарып отырады.

My Data Plant артықшылықтары:

  • Сіз My Data Plant-ты шаруашылығыңыздың көлеміне, терминалдың мүмкіндіктеріне немесе техникалық жабдыққа қарамастан пайдалана аласыз.

  • My Data Plant - бұл Kleffmann тобының ешқандай жасырын шарты жоқ тәуелсіз шешімі. Біз сізге тыңайтқыштар немесе препараттарды ұсынбаймыз.

  • Клиенттерге көмек көрсету - телефон немесе жеке сапар арқылы тәжірибелі агро-мамандармен жүзеге асырылады, олардың басты мақсаты - сіздің егіс алқаптарыңызда карталардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын қадағалау.

 

 

My Data Plant сіздің егіс алқаптарыңызды жыл бойы қолдап отырады:

Biomass_Icon-Green
егін егуден оны жинауға дейін
Seed-Map_Icon-Green
тұқым себу барысында
Fertilization-Map_Icon-Green
тыңайтқыштар енгізу барысында